Бірнеше шетелдік әуе компаниясы Қазақстан нарығына кірмек

ҚазАқпарат –даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан нарығына енетін шетелдік компанияларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Қазақстанның 26 шетел мемлекетімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасы бар. Яғни, елімізде аптасына 26 шетелдік және 3 қазақстандық әуе акомпания 430 рейс орындайды. Бірнеше жыл бұрын 3 шетелдік компания (Австриялық авиажелілер, Чех авиажелілері, КЛМ) елімізге коммерциялық себептерге байланысты ұшуды тоқтатқан еді. Алайда қазіргі уақытта министрлік елімізге ұшу тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдады. Бірқатар шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан нарығына шығу жоспары бар. Жақын болашақта «Emirates» (Дубай, 2021 жылы), «Qatar Airways» (Доха, 2020 жылы), «China Eastern» (Шанхай, 2021 жылы), Орал авиажелілері, Победа және тағы басқа әуе компаниялардың келуі күтіліп отыр», – деді Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында. Бейбіт Атамқұлов сонымен қатар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында «ашық аспан» режимі енгізілетінін мәлім етті. Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Асқар Мамин қазақстандық азаматтық авиация саласын дамытуда бірқатар тапсырма берген болатын.

 

inform.kz