Биыл әскерге шақыру уақытша тоқтатылады

2019 жылдың көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  «Қорғаныс министрлігінің жаңалығын ерекше атап өткім келеді. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 2019 жылы көктемде шақырылған азаматтарды әскери қызметтен босату тоқтатылады. Сол сияқты әскерге шақыру да уақытша тоқтатылады», – деді Дәурен Абаев.