Боб Арум Головкиннің ESPN-мен неліктен келісе алмағанын айтты – Бокс

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен ESPN арасындағы келіссөздер жайлы айтты, – деп хабарлайды Vesti.kz сайты boxingnews24.com порталына сілтеме жасап. 

«ESPN бір мезетте Головкин осыншама қиындыққа тұрмайтынын шешті. ESPN кеңселерінде кездесулер өткізілді және олар оның әрекеттері ұнамайтын түсінгендей болып, келіссөздерді тоқтатты», – дейді Боб Арум. 

«Бұл тек ақшаға қатысты емес, мұнда барлығы кіреді. Бұл жай ғана ештеңеге алып келмейтін келіссөздер еді. Ендігіде ол қайтып келіп, ESPN-мен келіссөздер жүргізгісі келсе, онда ол барлығына келісуге тура келеді. Мұндай келіссөздер, яғни Головкин сынды боксшымен келіссөз жүргізу кезінде көп қаражат керек болады, сол себепті біз ESPN-ге барамыз, өйткені ESPN және ESPN+ мұндай келіссөздер іске асуы үшін көп қаражат салады», – деді Арум. 

«Осы кездесу аяқталысымен, бұл Головкинмен қоштасу екенін түсіндік. Бірақ біз оның басқа телетрансляциямен келіскенін естімедік. Ол бізге қайтып келсе, есігіміз ашық, бірақ біз оның артынан қуалап жүрмейміз», – деп аяқтады Top Rank басшысы. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz