“Болашақ чемпиондар шығады деп сенемін”: Назарбаев туған жерінде спорт кешенін ашты

Еліміздің Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Үшқоңыр” спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Елбасы өңірдің барша тұрғындарын “Үшқоңыр” спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, бой көтерген нысанның жастарды тәрбиелеу және дене шынықтыру ісіндегі маңызын атап өтті деп хабарлайды Ақорда.

Біз бүгін аудандағы бірегей спорт кешенінаштық. Дені саудың жаны сау. Қазіргізаманда дені сау адам ғана табысқа жетеді. Сондықтан, біз бұл нысанды жастарымыз үшінарнайы салдық“, деді Қазақстанның Тұңғышпрезиденті.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлерде әлеуметтікинфрақұрылымды дамыту үшінТуған жербағдарламасын жүзеге асырудыңмаңыздылығына тоқталды.

Біздің балалық шағымызда спортпеншұғылдану үшін мұндай жағдай болмады. Ал, қазір жастар үшін барлық мүмкіндік бар. Көптеген табысты азаматтарымыз туғанауылы мен аудандарына қолдау көрсетеді депойлаймын. Жаңа спорт кешеніндежаттығатындардың арасынан болашақчемпиондар шығады деп сенемін.

Менің отбасым және жақындарым осы спорткешенін арнайы сіздердің игіліктеріңіз үшінсалды. Сіздерге зор денсаулық, амандық жәнебақбереке тілеймін. Баршаңызды тағы даспорт кешенінің ашылуымен құттықтаймын!”, деді Елбасы.

Спорт кешенінде бокс, күрес және тренажерзалдары, жүзу бассейні, теннис корты, көпфункционалды залдар және басқа да спортинфрақұрылымдары бар.