Божко Үкіметте қарсылық білдірді

ҚР Парламенті Мәжілісінде бюджетті IV деңгейге көтеру мәселесі туралы үкімет сағатында палатаның вице-спикері Владимир Божко тиісті мемлекеттік органдарға бизнес-процестерді қайта қарап шығуға кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Мемлекеттік қызметкер жұмысы аяқтала салысымен, яғни 18:00-де компьютер өшуі тиіс деген ереже бар. Мүмкін бұл мәселені тетіктен бастамаған жөн болар? Мүмкін бизнес-процестерді талдап көру керек шығар? Неліктен біздің мемлекеттік қызметкерлер жұмысын жұмыс соңына дейін бітіре алмайды? Мүмкін ол ең кішкентай қағазға қол қойдыру үшін министрліктің барлық кеңсесіне кіріп-шығуы керек шығар, сондықтан мойнына артылған басқа жұмыстарын істеп үлгермейді, сол себепті кеш қалуға мәжбүр, – деді Божко.

Ол компьютерлердің тетігіне тұра жүгірмей, бизнес-процестерді қайта қарап, құжаттарды растау жүйесін оңтайландыруды ұсынады.

– Жұмыс уақыты аяқталды ма, компьютер өшсін, одан кейін “гүл болсаң бұл бол” деген қарапайым шешім мәселені шешпейді. Ал үлгермеді жұмысын істеп, таңертең басшылыққа есеп беруі керек ол адам. Не істеуі керек сонда ол? Одан да бизнес-процестерді қайта қарап, рұқсат беру жүйесін жеңілдетіп, жауапты тұлғаларды жауапкершілікке тартуға мәжбүрлеу жағына қатысты ұсыныс енгізіңіздер, сонда бәрі жұмыстан ерте шығу керек пе, әлде кешірек шыға ма, оны өзі шешеді, – деп түсіндірді сөзін Мәжіліс спикерінің орынбасары.

Айта кетсек, 2017 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 10 министрлікке компьютерлердің жұмыс соңында автоматты түрде өшіретін жүйе енгізді. Оған денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ақпарат және коммуникациялар, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ облыстар мен аудандар әкімдіктерінің бірқатар мемлекеттік мекемелері де енді.