БҚО әкімі Instagram желісінде аккаунт ашты – Ел жаңалықтары

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов Instagram желісінде аккаунт ашты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Өңір басшысы Twitter желісінде бұрыннан парақшасы бары туралы айтты. 

“Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін әлеуметтік желіні белсенді пайдалануға шақырды. Ашықтық пен қолжетімділік – біздің жұмысымыздағы басты ұстаным”, – деп жазды Күлгінов.

Әкім Instagram парақшасында бірінші жазбасында азаматтармен жеке мәселелер бойынша кезекті кездесу өткізкені, оған түрлі ұсыныс-өтініштерімен 30-дан аса азамат келгенін мәлімдеді. Жыл басынан бері қоғамдық қабылдауларда 4 400 адам болған. Әкімнің жеке қабылдауымда 1 мыңға жуық өңір тұрғындары болып, нақты жауап пен көмектер алған. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram желісінде аккаунт ашты.

“Жақында өңір әкімдеріне жұртпен етене байланыс орнату үшін заманауи байланыс құралдарын ұтымды пайдалануға, яғни халықпен кері байланыс орнату мақсатында əлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырдым. Өздеріңізге белгілі, мен бірнеше жылдан бері Twitter желісін белсенді қолданып, мемлекетіміз үшін ең маңызды деген дүниелермен бөлісіп келемін. Ендігі ретте осы үрдісті халық ең көп шоғырланған Instagram желісінде де жалғастыруды жөн деп таптым” – деп жазады Мемлекет басшысы Instagram парақшасындағы жазбасында.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz