БҚО-да алапат өрт: 100 бас мал мен қыруар тонна шөп күлге айналды

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында болған алапат өрт салдарынан 162 тонна шөп және 100 бас мал өртеніп кетті деп хабарлайды Мой город порталына сілтеме жасағанKAZ.NUR.KZ.

 

Өртенген аумақтың ауданы 2450 шаршы метрді құрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл өрт әдейі қойылған болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта шабуылдаушылар мен материалдық шығын мөлшері анықталуда.

Сонымен қатар, Бәйтерек ауданында тағы бір өрт шыққан. Онда 200 тонна шөп отқа оранды.