CS:GO-дан қазақстандық команда бір миллион долларға таласады – Ғаламтор

CIS Minor Championship – Katowice 2019 турнирінде қазақстандық AVANGAR командасы бірінші орын иеленді. Финалда Қазақстаннан шыққан ойыншылар Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бірінші орын үшін қазақстандық ойыншылар 30 мың АҚШ долларын және IEM – Katowice Major 2019 жарысында жолдама алды. Онда бас жүлдеге бір миллион доллар тігіледі. 

AVANGAR командасының құрамында төрт қазақстандық: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев, Бектияр Бақытов. Капитан – ресейлік Али Джами.

Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) көпқолданушылары бар компьютерлік ойын. CS:GO бұрынғы Counter-Strike және Counter-Strike:Source секілді киберспорттық тәртіп бойынша жүргізіледі. Ең үлкен турнир – major жарыстары. 

Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандық команда Краковта өткен киберспорт жарысында жеңімпаз атанып, 500 мың доллар ұтқан еді. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz