Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды – дереккөз

Сайт редакциясы Бас прокуратураға бұл мәліметтің анық-қанықтығын нақтылау үшін өтініш түсірді.

Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы телеграм-арнасындағы @kazebitda хабарлады.

Арнаның мәліметінше, тергеу толықтай жүргізіліп, оның аяқталуына аз уақыт қалды.

БЖЗҚ-ның Лондон биржасынан Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алып, оны KASE-ге қою арқылы саудалауы қылмыстық қудалауға негіздің бірі ретінде алынғаны айтылады.

Тағы бір себебі – теңге бағамымен «ойнауы». Аудиторлар бұл ретте бірнеше заңсыздықтарды байқап, одан жақсы табыс тапқан компанияларды анықтаған.

Сайт редакциясы Бас прокуратураға бұл мәліметтің анық-қанықтығын нақтылау үшін өтініш түсірді. Оның жауабы дереу арада жарияланатын болады.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкке 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін басшылық еткен.