Данияр Елеуіновтың ағасы мексикалық қарсыласын 10 секундта жеңді – Бокс

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов мексикалық Карлос Урреаны он секундта нокаутқа түсірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

32 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жекпе-жегін Мексиканың Тихуана қаласында өткізді. Ол Мексикада бірінші рет өнер көрсетті. Оған дейін Дәурен тек АҚШ-та жұдырықтасып келді. Жекпе-жек басталысымен бірнеше секундтан соң Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсірді, қарсыласы орнынан тұрды, алайда рефери оған жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндік бермеді. 

Осылайша, қазақстандық боксшы спорттық мансабында сегіз кездесуде жеңіске жетті, оның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, ол бір кездесуде тең түскен. 36 жастағы Урреа осымен 26-шы рет жеңілді, оның 24-інде ол мерзімінен бұрын жеңілген. Бұрындары ол тоғыз кездесуде жеңімпаз атанып, төрт қарсыласын нокаутқа түсірген. 

Елеусінов 2014 жылдың желтоқсанынан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. 2016 жылы маусым – 2018 жылы сәуірде қазақстандық үзіліс алды, ал былтыр мамырда шаршы алаңға оралып, қарсыласын нокаутқа түсірген еді. 

Айта кетейік, Дәурен Елеусінов Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ағасы.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz