Данияр Есин ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Есин Данияр Нұрашұлы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Данияр Есин 1981 жылы Қарағанды облысында туған. ҚР Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және  мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. Түрлі жылдары Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасында жұмыс істеді: басшының орынбасары, басшы лауазымдарында болды.  2016-2018 жылдары – Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы. 2018 жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық даму істері басқармасын басқарады.

 

inform.kz