Дәрігерлер аллергиядан біржола арылудың жолын тапты – Денсаулық

Дәрігерлер аллергиядан біржола арылудың жолын тапты. Олар аллергиялық әсер етуші басты “тазалаушылардың” (шырлы жасушалар) жұмысын бақылауға мүмкіндік беретін механизмді анықтады, – деп хабарлайды “Вести Наука”.

Мұндай жаңалықты Мичиган Университетінің мамандары ашты. Зерттеушілердің мәліметінше, шырлы жасушалардың жұмысын CRF2 (кортикотропин-рилизинг-фактор 2) рецепторы арқылы басқаруға болады екен. 

Бірнеше тәжірибе жүргізіп, белгілі дәрілік заттарды пайдалану арқылы CRF2 рецепторын манипуляциялауға болатынына көз жеткізген. Мысалы, мамандар оның жұмысын бұғаттаған уақытта шырлы жасушалар гипербелсенді болып, гистамин өндірісін ұлғайтқан. Осы механизм тышқандарға, доңыздарға және ең бастысы адамдарға жасалып көрген. 

Бұл дегеніміз, аллергиясы қозатын адамдар ендігіде оның айқындалуын күтпей, алдын алуға мүмкіндік алады деген сөз. Оның орнына дәрілерді ішіп, қауіпті реакциядан қорғануға болады. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz