Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

“Республикамыздың солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттардың келуімен, жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, ауа температурасының төмендеуі күтіледі”, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы демалыс күндері еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады.