Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Ел жаңалықтары

Синоптиктер 30 наурыз – 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

“20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын, оңтүстікте жаңбыр және найзағай ғана емес, сонымен қатар, қысқа уақытқа болса да, жылы жауын-шашынсыз ауа райы болжанады”, – деді “Қазгидромет” өкілдері.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz