Демалыс күндері ауа райы қандай болады? – Ел жаңалықтары

Синоптиктер 2019 жылдың 23-25 ақпанына арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, Ресейдің еуропалық бөлігінде қалың қардың түсуіне себеп болған белсенді циклон Батыс Сібірге ығысады. Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстанның батыс және солтүстік облыстарының ауа райына әсер етеді екен.

“Ал республиканың оңтүстік облыстарына Каспий оңтүстігінен фронттардың ығысуынан, жексенбі және дүйсенбі күндері жауын-шашын, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Қазақстанның қалған бөліктері атмосфералық қысымның жоғары болу аймағында болатындықтан, жауын-шашынның болуы екіталай”, – делінген болжамда.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz