Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

6 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр болады. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-батысы, солтүстігі және солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі сақталады, шығыс және оңтүстік-шығыста найзағай соғуы ықтимал, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жамбыл, Павлодар, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді. Түркістан облысының түнде кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Сонымен қатар, синоптиктер 2019 жылғы 6-8 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды.

Шығысқа қарай жылжып келе жатқан суық атмосфералық фронтпен, жаңбыр, сулы қар және көктайғақ, әсіресе Қазақстанның орталығы мен шығысында басымырақ болады, республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр, кейде қатты, найзағай және бұршақ, таулы аймақтарда қар көшкіні қаупі сақталады. Фронттың артынан ығысып жатқан антициклон, Қазақстанның қалған аймақтарында жауын-шашынның тоқтатылуын және ауа температурасының бүкіл территориясында климаттық нормадан төмен болуын тудырады.