“Денис Тен – Таңғажайып шоу” фильмі Алматыда таныстырылады – Спорт

Алматыда “Денис Тен – Таңғажайып шоу” деректі фильмінің премьерасына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Көрсетілімді Денис Тен қоры Bekmambetov Cinema компаниясымен бірлесіп ұйымдастырады. Фильмде әлемдік деңгейдегі мұз шоуының тарихы көрсетіледі.

“Денис жасаған шоу – мұз үстіндегі күрделі элементтерді шебер орындау ғана емес. Бұл идеяның тууынан бастап оны іске асыруға дейінгі күрделі шығармашылық үдеріс: музыка жасау және іздеу, хореографияны қою, бейне сүйемелдеуді әзірлеу”, – делінген фильмнің сипаттамасында.

Денис Теннің көрерменге осы шығармашылықтан алған қуанышын жеткізу үшін кәсіби әрі талмай еңбек етті. Фильмде көрермендер сирек кездесетін кадрларды, достары мен әріптестерінің, әлемдік деңгейдегі спортшылардың сұхбаттарын көреді.

“Денис Тен – Таңғажайып шоу” алдын ала көрсетілімі 21 ақпанда кешке өтеді. Фильмнің прокаты 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Bekmambetov Cinema-да “Глобус” сауда орталығында өтеді деп жоспарланған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz