Денис Теннің өлімі: Сотта Жанар Толыбаеваның құрбысы сөз сөйледі – Ел жаңалықтары

Денис Теннің өліміне қатысты іс бойынша өтіп жатқан процесте Жанар Толыбаеваның құрбысы сөз сөйледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Жайна Ізтілеуова 19 шілдеде күндіз Нұралы Қиясовтың ағасы Сұлтанның үйінде болғанын айтты. Оның айтуынша, Сұлтан інісін ізлеп, Жайнадан Жанар Толыбаеваға қоңырау шалуын сұраған. 

“Біз төртеуіміз уақытша Сұлтанның және оның жары Әселдің үйінде тұрдық. Мен Жанарға қоңырау шалдым, олар қалада үшеуі ақша іздеп жүргендерін айтты. Түстен кейін Жанар, Арман және Нұралы келді. Жанардың көңіл күйі болмады. Нұралының жейдесіне қан жағылғанын байқадым, алайда сұрауға батпадым. Сұлтан Нұралыға ашулы еді, көлігін тартып аламын деп қорқытты. Үйге келмейсің деп ұрысты”, – дейді қыз бала. 

Осы уақытта сыртта тұрған Құдайбергенов заттарын алып шығуын өтінді. 

“Мен оның заттарын алып шықтым. Кешкі уақытта 23:00-де біз Қапшағайға кеттік, онда ішіп, шектік. Тек сол жерде жүргенде мен Instagram желісінен Денис Теннің өлгені туралы хабарды естімдім. Мұндайда болады екен-ау деп таңқалдым. 20 шілдеде қайтып келдік, Сұлтанға заттарды алып кетейік деп келдік. Сосын Нұралының ағасы келіп, Нұралының Денис Тенді өлтіргенін айтты. Ол бізді алып кетіп, Рысқұлов пен Тілендиев қиылысында тастап кетті. Полицейлер келіп, бізді ұстады. Сосын Жанар екеуімізді жан-жаққа алып кетті”, – дейді қыз бала. 

Сотта куәгер Ербол Қадыров та сөйледі. Ол бірінші болып Денис Теннің жаралы екенін көріп, медициналық көмек көрсеткен. Қадыровтың айтуынша, оқиға болған уақытта ол Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында көлікте отырғанын айтады. 

“Үш жігіттің алысып жатқанын көрдім, ойнап жатқан шығар деп ойладым. Кейін полиция қызметкері оларды қуалап бара жатқанын көрдім, көмектесуге шықтым. Басында оның Денис Тен екенін аңғармадым. Зардап шеккен адам екі аяғымен тұрды, мен жақындаған уақытта қас қағым сәтте ол торға артымен сүйенді. Кейін отырды, сосын бетімен құлады. Сол жерде мен қанды көріп, дереу жедел жәрдем шақырдым. Полицейлер келді, мен олардың жедел жәрдемді дереу жеткізуін өтіндім”, – деді Қадыров. 

Оның айтуынша, ол шабуылдаған адамдарды көрмеген. Оқиға орнында ол Денис Теннің сөмкесін, сосын тағы бір әйнек салынған сөмкені көргенін айтты. 

Жанымызда бір қыз болды. Ол бізден Денистің жейдесін шешуді сұрады. Мен сөмкесін алып, жейдесін жыртым, сосын ол аяғын байлады. Сосын шабуылдағандарды қуалап кеткен полицей келді. Қыз бала жерден телефонды алып туыстарына хабарласа бастады. Бір полицей су алып келді. Мен Денистің басын ұстап, былай дедім: “Бауырым, шыдашы, қазір скорый келеді”. Ол ауыр тыныс алып жатты. Кейін полицей былай деді: “Тимеңіздер, болды”. Жедел жәрдем 10-12 минутта жетті”, – деді ол. 

Осыған дейін, Денис Тен пышақ жарақатын алған уақытта оқиға орнына бірінші болып жеткен полицейлер сотта куәлік етті.

Оның жетістігі біреуге кедергі болған шығар – Денис Теннің анасы

Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы (“Ұрлық”) бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары (“Қарақшылық”) бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары (“Адам өлтiру”) бойынша айыпталып жатыр. 

Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары (“Ұрлық”) бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары (“Адам өлтiру”) бойынша айыпталып жатыр.

Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (“Ұрлық”) бойынша және 434-бап бойынша (“Қылмыс туралы хабарламау”) айыпталып жатыр.

Жай көлік айнасын ұрлау екеніне сенбедім – Денис Теннің анасы

Қылмыстық іс 38 томнан тұрады.

Еске салайық, биыл 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді

Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған “Халық қаhарманы” атағын беру ұсынылған болатын.

Сондай-ақ, мұның алдында ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Денис Теннің өлімі бойынша жүргізілген тергеудің аяқталғанын мәлімдеген еді.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz