Димаш Құдайберген әлемнің үздік әншілерінің рейтингіне наразы жанкүйерлеріне үндеу жасады – Әуен

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  Ranker.com сайтында жарияланған барлық уақыттағы үздік әншілердің рейтингіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әлемнің үздік әншілерінің рейтингіне наразы екенін мәлімдеген еді. Дауыс беру аяқталғанға бірнеше сағат қалғанда қазақстандық әнші тізімде екінші болып тұрған, ал 1-орында Фредди Меркьюри тұрған. Сол кезде Димаш Құдайбергеннің 90 мыңға жуық дауыс жинағаны көрсетілген.

“Құрметті достар! Бүгін америкалық сайттарында бірінде сауалнама жүргізіліп, онда менің де есімім көрсетілгені жайлы білдім. Барлығыңызға берген дауыстарыңызға және қолдауларыңызға алғыс айтамын, бірақ бұл дауыс берудің қандай да бір басқа байқауларға, атақтарыма немесе телевизиялық жобаларыма қатысы жоқ. Бұл жай ғана интернет сауалнама, ол ештеңені де шешпейді))). Барлығыңызға алғыс айтамын, маған және қазақ халқына білдіріп жатқан сүйіспеншіліктеріңіз үшін рақмет. Менің шығармашылығымды сүйетін жанкүйерлерімнің болуы мен үшін үлкен құрмет! Мен сіздердің жанкүйеріңізбін. Welcome to Kazakhstan! Сіздерді жақсы көремін!”, – деп жазды әнші.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz