Димаш Құдайберген АҚШ-тағы таланттар шоуы жайлы айтты – Әуен

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында CBS арнасындағы америкалық The World’s Best  (“Әлемнің үздіктері”) шоуы жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Барлығын басынан бастау. Бірақ ол қажет пе? Қажет. Жеңіліске дайын болмаған адам жеңіске дайын емес деген сөз. Уақыты келген болуы керек. 3 ақпан. Америка. CBS арнасындағы жаңа шоу. Бұл мен қатысатын соңғы байқау”, – деп жазды әнші.

Мұның алдында Димаш Құдайбергеннің The World’s Best шоуында қандай ән айтқаны белгілі болған еді. Ол  Қытайда I’m A Singer шоуында айтқан S.O.S d’un terrien en détresse композициясын орындаған.

“Димаш пен Данэлияны қолдау үшін”. Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz