Димаш Құдайберген Мәскеуде қатарынан екі концерт береді – Әуен

139

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген Мәскеуде екіні концерт беру туралы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«22 наурызда өтетін мәдени шараның билеттері сатылып кетті. 23 наурызда екінші концерт өткіземін. Билеттер сатылымда. Кремльде жүздескенше. Ресей. Мәскеу. D-dynasty», – деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, 2018 жылы желтоқсанда Димаш Құдайбергеннің Ресейде бірінші концер беретін туралы белгілі болды. Мемлекеттік Кремль сарайының сайтында жарияланған мәліметке сәйес, Димаштың концерті 22 наурызда Үлкен залда өтеді. 19:00-де басталады. 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz