Димаш Құдайбергеннің “Россия-1” арнасындағы жаңажылдық бағдарламаға қатысқан видеосы шықты – Әуен

Қазқстандық әнші Димаш Құдайберген “Россия-1” телеарнасындағы жаңажылдық “Голубой огонек” бағдарламасында өнер көрсетті. Онда Димаш Игорь Крутойдың “Любовь уставших лебедей” композициясын орындап шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоның үзіндісін әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

YouTube хостингіндегі Crazy MaksTV арнасының авторы бағдарламаның түсірілім жұмыстары қалай жүргенін көрсетті.

Видео кадрларынан Димаштың ән айта бастаған сәтті түсірілген. Кейіннен видео соңында Димаш Игорь Крутоймен бірге шығып кетеді.

Димаш Құдайберген Қытайда өтетін байқауда вокалистерге төрелік етеді


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz