
Димаш “Любовь уставших лебедей” әніне түсірілген бейнебаянның үзіндісін жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейнебаянның үзіндісін әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жүктеген.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін қазақстандық әнші жаңа бейнебаянның түсірілімі үшін Испанияға аттанған болатын. “Любовь уставших лебедей” әнінің авторы – композитор Игорь Крутой.
“Игорь Крутойдың кез келген шақыруын үлкен қуанышпен қабылдаймын, бұл мен үшін үлкен құрмет”, – дейді Димаш Құдайберген. Ол атақты әншімен бірге сахнада бірнеше рет ән айтқан болатын.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz