Димаш Құдайберген: “Балаларды бай болуға үйретпеңіз” – Өнер

Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде өсіп келе жатқан ұрпақты қалай тәрбиелеу керектігіне арналған шағын жарияланым шығарды. 

Ол Стив Джобстың дәйексөзін келтірді: “Балаларды бай болуға үйретпеңіз. Бақытты болуға үйретіңіз. Олар өскен кезде заттың бағасын емес, құндылығын білетін болады”.

“Мен шын мәнінде сіздердің алдарыңызда сахнада тұрғанда қуанамын”, – деп толықтырды орындаушы.

Келесі жарияланымда әнші Қазақстанда болатын жеке концертіне билет сатылымы 18 наурызда басталатынын хабарлады. Ол 29 маусымда Астанада өтеді.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz