Димаш Құдайберген: Отаныма бір күні Грэмми жүлдесімен ораламын

Әнші Димаш Құдайберген барлық құттықтауларға алғысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Достар, мен, Отаным – Қазақтанға келдім! Туысқандарыммен және отандастарыммен елде болған қандай бақыт! Барлық құттықтауларыңызға шексіз алғыс. Отаныммен мақтанамын! Болашақта, Алла қаласа, Отаныма Грэмми жүлдесімен оралуға жұмыс жасаймын. Сіздерді жақсы көремін!» – деп жазды Димаш Құдайберген Инстаграм парақшасында. Еске сала кетсек , бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі концерті үлкен аншлагпен өткенін, Barсlays center аренасы қазақ әншісін сүйіп тыңдайтын жұртшылыққа лық толы болғанын хабарлаған едік. Отанына орала салысымен Димаш «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды.