Димаш Құдайберген The World’s Вest үшінші айналымына өтті – Әуен

Димаш Құдайберген The World’s Вest екінші раундында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішісі.

Ол америкалық әнші әрі музыкант Эрик Карменнің All by Myself композициясын орындады.

Қазақстандық әнші 94-39 есебімен жеңді. Америкалық қазылар алқасының мүшесі Ру Пол Димашқа максимал 50 балл берді.

Димаштың қарсыласы италиялық әнші болды. Ол бұрындары Voice of Italy байқауында жеңіске жеткен – Кристина Скуччиа. Ол негізі Сестра Кристина лақап атымен өнер көрсетеді. 30 жастағы Кристина – монах әйел. 

Еске салайық, Данэлия Төлешова да The World’s Вest екінші раундында жеңіске жеткен еді. 

The World’s Вest – талантты адамдарға арналған CBS телеарнасында көрсетілетін жоба. Төрешілердің арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, әнші Фэйт Хилл мен мктер Ру Пол, британлық күлдіргіш Джеймс Корден бар. Ақырғы шешімді үш басты төреші мен әр мемлекеттен 50 сарапшы қабылдайды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz