Димаш Құдайберген жаңа «Your Love» әнін шырқады Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/dimash-kudaybergen-zhana-your-love-anin-shyrkady_a3622735

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресей астанасындағы Мемлекеттік Кремль сарайында жаңа «Your Love» әнін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жаңа композиция оның YouTube арнасында жарияланды. Композитор Игорь Крутой Instagram-да сөзін аса талантты жас орындаушы Димаш үшін әнші Лара Фабиан арнайы жазғандығын хабарлады. Ол композиторға әнін жазуды ұсынған. Димаш жаңа әнді 8 наурызда Валентина Юдашкинаның кешінде шырқады, сондай-ақ 9 наурызда «Мегаспортта» болатын өзінің жеке концертте орындайтын болады. Симфониялық оркестр бұл шығарманы Мосфильмде» жазған, ал Димашпен жаңа әнге алғашқы дайындықтың түсірілімі Игорь Крутойдың үйінде болған.