Димаш “Жыл әншісі”

Димаш Құдайберген Шанхайда өткен The Silk Road Cohesion Awards 2018 халықаралық кинофестиваль шеңберінде “Жыл әншісі” атағына ие болды. Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “The Silk Road Cohesion Awards 2018” халықаралық марапат кешінде “Жыл әншісі” және “Ұлы Жібек жолы” елдерінің шешімімен ” Жібек жолының мәдени елшісі” деген марапаттар алып, мереке қарсаңында сыйға бөлендім. Қуаныштымын. Әр жеңісім отаным үшін, барлық тыңдармандарым үшін. Шанхай қаласы. Мереке құтты болсын тағы да!”, – деп жазды Димаш Құдайберген.