Discovery танымал экстремалы 5 күн бойы Қазақстанда жабайы табиғатта аман қалудың қамын жасайды – Ел жаңалықтары

Discovery Channel жобасының танымал экстремалы Эд Стаффорд Қазақстанда бес күн бойы жабайы табиғатта аман қалудың қамын жасайды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Ұлыбритания әскерінің бұрынғы капитаны және қиындықтарға төтеп беру маманы “Алтын-Емел саябағында бес күн ішінде жабайы табиғатта аман қалудың қамын жасайды. “Эд Стаффорд: жеңлгендер шығады” жобасы 28 қаңтарда, дүйсенбіде басталады. Экстремал бұрын соңды істеп көрмеген жағдайларды бастан кешіреді. Қазақстанға арналған жобаның сертиясы Discovery Channel эфиріне 4 ақпанда шығады. 

“Стаффорд қиындықтардан өтуге қорықпайды. Ол адамдардан алшақ, қауіпті және өмір сүруге жарамсыз мекендерді паналайды. Осылайша ол өзін сынап көреді. Соңғы бірнеше жылда ол тропикалық орманда және болоталық ормандарда болды, таулардың суығына шыдады, шөл далада суға зарықты және айдалада адасты”, – делінген хабарламда. 

“Алтын-Емел” ұлттық саябағында нағыз ұрыс алаңы айналады, оның қарсыласы Оңтүстік Корея елінің арнайы жасақ сарбазы болған Хен Ри болады. Олардың өз бағыты, өз тәсілдері, тәжірибе мен қулықтары болады, бірақ мақсат біреу: межеге бірінші болып жету. 

“Олар өзімен ештеңе алмайды – тамақ, су, арнайы құрылғылардан ештеңе болмайды. Олардың бағыты термодинамикалық датчик арқылы бақылауда болады. Сонымен қатар, Discovery Channel заманауи техникалары қолданып, видеоның сапалы шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Қазақстаннан бөлек, ұлыбританиялық экстремал тағы бес мемлекетте өз бағын сынап көреді. Ол өзіне тең келер ешкім жоғын дәлелдеу үшін өмірін, денсаулығын және абыройын қауіпке тігеді. Оның қолынан келе ме оны бағдарламдан көре аласыздар”, – делінген Discovery Channel хабарламасында. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz