Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерлерінде 17 қаңтарда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр, 18-19 қаңтарда екпіні секундына 23 метр жел күтіледі.

17 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр күтіледі. Күндіз кей жерлерінде тұман түседі.

Осыған дейін, синоптиктер алдағы үш тәулікте оңтүстік циклонымен республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын, оңтүстік жартысында – жаңбыр, жылбысқы қар, көктайғақ және тұман күтіледі, бұрыңғыдай нормадан жоғары ауа температурасы сақталатынын хабарлады. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz