Екі бала ескі тоңазытқыш ішінде тұншығып өлді

Ыстықкөл облысы Түп ауданының Михайловка ауылында ескі тоңазытқыштың ішіне кіріп алған екі кішкентай бала қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, қайғылы оқиға 3 маусым күні орын алған. 4 және 6 жасар ағайынды екі бала аулада ойнап жүріп, кенеттен жоғалып кеткен. Оларды сағат 11:55-те іздей бастап, 17:00-ге таман аулада тұрған ескі тоңазытқыштың ішінен тауып алған.

Алдын ала дерек бойынша, ойнап жүрген балалар тоңазытқыштың ішіне кіріп алған. Есігі жабылғаннан кейін олар ішінен аша алмай қалған. Бұл факті қылмыстардың бірыңғай реестрінде қайғылы жағдай деп тіркелді.