Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды – Ел жаңалықтары

Екі облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23 метр күтіледі.

Петропавл қаласында 1 сәуірде түнде және таңертең тұман болады, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20, күндіз секундына 15-20 метр күтіледі.

“Қазгидромет” мәліметінше, 1 сәуірде  Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр, облыстың оңтүстік-батысында секундына 30 метр және одан аса күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz