Екі вице-министр қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары

Ұлттық экономика және қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлері қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Шаймергенов Тимур Төлегенұлы Қазақстан Республикасының қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі қызметінен;


Тимур Шәймергенов. ©  primeminister.kz

Жұмағұлов Айбатыр Нышанбайұлы Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды.


© abctv.kz

Айбатыр Жұмағұлов 1976 жылы туған. 1999-2002 жылдары Ұлттық банкте зерттеулер мен статистикамен айналысты. 2009-2010 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде базалық салалар департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2013 жылы “Бәйтерек “ҰБХ” АҚ басқарушы болды, бірнеше жыл бойы “тұрғын үй құрылыс жинақ банкі”АҚ басқарды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz