
Алматыда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай, жыл сайынғы дәстүр бойынша Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын өтті.
Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бастап Алматы қаласының Ақсақалдар алқасы мен Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар және Алматы қаласы жастарының ұйымдары кезекпен Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Жиын соңында, Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.
Дайындаған: Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ