
7 желтоқсан күні Қазақстанның 6 қаласында метеорологиялық жағдай жайсыз болады.
Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Өскемен, Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларында метеорологиялық жағдай жағымсыз болады. Атмосферада ластаушы заттар шоғырлануы ықтимал. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазгидромет»