Елімізде қызылшаның 968 жағдайы тіркелген – Ел жаңалықтары

Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 776 жағдай, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі – 649 жағдай (67 пайыз), оның басым бөлігі (61 пайыздан аса) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 70 жағдай (11 пайыз).

Қазіргі уақытта қызылшаның жоғары тіркелуі Астана қаласында – 771 жағдай, Алматы қаласында – 52 жағдай, Ақмола облысында – 37 жағдай байқалады; басқа облыстарда аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркеледі.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанудың көпжылдық орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 3,03 құрады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғындарға шаққанда 2,81 құрады, бұл шекті деңгейден төмен.

Қазақстанда 2018 жылғы қарашадан бастап 968 қызылшаның расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 776 (80,2%).

Сырқаттану көбінесе егілмеген балалар арасында тіркеледі – 649 жағдай (67%), оның басым бөлігі (61%-дан астамы) егу жасына жетпеу себебінен егілмеген, вакцинациядан бас тартуға байланысты егілмегендер арасында 70 жағдай (11%).

Қазіргі уақытта қызылшаның жоғары тіркелуі Астана қаласында – 771 жағдай, Алматы қаласында – 52 жағдай, Ақмола облысында 37 жағдай байқалады; басқа облыстарда аурудың бірлі-жарым жағдайлары тіркеледі.

Қазақстан Республикасында қызылшамен сырқаттанудың көпжылдық орташа деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 3,03 құрады, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы сырқаттану деңгейі 100 мың тұрғындарға шаққанда 2,81 құрады, бұл шекті деңгейден төмен.

Қызылшаны емдеудің тиімді және ерекше әдісі жоқ.

Қызылшадан жалғыз тиімді қорғау вакцинация болып табылады. Қазақстанда қызылшаға қарсы егу екі рет жүргізіледі: біріншісі 1 жаста және екіншісі 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцинациялау үшін қызамық және паротитті компоненттермен біріктірілген (ҚҚП) қауіпсіз және тиімді вакцина қолданылады. Елімізде ҚҚП-ның жеткілікті көлемі бар.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz