Елбасы қытай тілін үйренуге кеңес берді

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» студенттерімен, оқушыларымен және оқытушыларымен кездесу өткізді. Жастармен әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев қытай тілін үйренуге кеңес берді деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

 

Елбасы Тұңғыш президент мерекесін «Назарбаев Университет»  кешеніне барумен бастады.

«Бұл оқу жылында Зияткерлік мектептерде оқушылардың таңдауы бойынша екінші шет тілін үйрету басталды. Қазіргі жаһандану заманында шет тілін игеру қажет» ,- деді Назарбаев жастарға.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта ең дамыған тілдер ағылшын тілі мен испан тілі екенін түртіп өтті.

«Бірақ, біз үшін маңызды-қытай тілі. Біз Қытаймен дәл Ресей сияқты белсенді сауда айналымын жүргіземіз. Ағылшын тілінде сөйлеу де көп нәрсеге көмектеседі. Себебі, Қытайда да, Жапонияда да кәсіпкерлер ағылшын тілінде сөйлейді. Алайда жарты миллиард халық қытай тілінің басым екенін айтады. Мен өзім үйренген жоқпын, бірақ қытай тілін басқаларға қарағанда қазақтарға үйрену оңай дейді», -деді Елбасы.

 

Дереккөз. NUR.KZ