Елбасы мемлекеттік наградаларды табыстау туралы жарлыққа қол қойды

171

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы жарлыққа қол қойды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Бәйменова Құралай Базарбайқызы «Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы

Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлы «Шәушен» ШҚ басшысы, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы

Соловьева Алина Робертовна «А.С.Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» КММ мұғалімі, Шымкент қаласы.

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.