Елбасы Үкімет және Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясы мүшелерінің қатысуымен жиын өткізеді

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап. «Бүгін Елбасы төрағалығымен Үкімет мүшелері, «Nur Otan» партиясы және оның Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелерінің қатысуымен жиын өтеді», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.