Елбасы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысына қатысты

Елбасы шағын құрамда өткен Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілісіне қатысты.  Бұл туралы бүгін өзінің Twitter-дегі парақшасында Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

«Нұрсұлтан Назарбаев шағын құрамда өткен Еуразиялық экономикалық кеңесінің мәжілісіне қатысты»,-деп жазды ол. Айта кетейік, осыған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербург қаласына келгендігін хабарлаған болатынбыз.