Елбасының арқасында бір үнділік әп-сәтте байып кетті

Үндістанда “Миллион кімге бұйырады” телебағдарламасына қатысушы Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беріп, 20 мың доллар ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Миллион кімге бұйырады” шоуының үнділік нұсқасы Kaun Banega Crorepati деп аталады. Осы шоуға қатысқан жас жігіт Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы сұраққа жауап беруі керек болды.

Бағдарламада “2019 жылы қай елде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қарай елорда атауы өзгертілді” деген сұрақ қойылды.

Сөйтіп төрт елдің аты алға тыртылды: Қырғызстан, Қазақстан, Косово, Кения.

Ер адам, бұл сұрақтың жауабын білмеді, сондықтан ол көпшіліктің көмегіне жүгінді. Ал көпшілік бұл сұрақтың дұрыс жауабын білетін болып шықты. Жігіт көпшіліктің таңдауына сенім білдірді. Сөйтіп ол Қазақстан нұсқасын таңдады.