Елімізде ауа-райы температурасы 7 градусқа дейін төмендейді

Аптаның бірінші жартысында елімізге оңтүстіктен ойысып келген циклон өз әсерін сақтайды, деп хабарлайды zakon.kz.

– Республиканың басым бөлігінде, солтүстік және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атмосфералық фронттардың біздің аумақтан жүріп өтуіне байланысты қатты жел тұрып, бұршақ арпалас жаңбыр жаууы да мүмкін. Солтүстікте ауа температурасы түнде 7 … 15, күндіз 15 … 20 градус деңгейінде болып, сынап бағанасы кәдімгідей төмендейді, – деп хабарлайды “Қазгидромет” РМК.