Елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді – Автокөлік

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

“Барлық арнайы ХҚКО мен тіркеу-емтихан бөлімшесінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер штаттық тәртіпте көрсетіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Еске салайық, кеше, 13 наурызда елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметінің уақытша тоқтатылғаны жайлы хабарланған болатын.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz