
Елорда әкімдігінің ғимаратының маңдайшасындағы жазба ауыстырылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордалық әкімдік ғимаратының кіреберісіндегі жазбалар өзгерді, енді мұнда “Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi” және “Акимат города Нұр-Сұлтан” деп жазылған.
Естеріңізге салсақ, 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді. Оның сөзінше, қаланың маңызды нысандары – “Астана Опера”, “Астана-Арена”, спорт клубтары мен басқа да ғимараттардың атауы өзгермейді.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz