Ерлан Баттақов Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды – Ел жаңалықтары

Ерлан Баттақов Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы міндеттерін уақытша атқарудан босатылсын”, – делінген құжатта. 

Ерлан Баттақов 1969 жылы 9 қаңтарда Қарағандыда туған. 

2017 жылы сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz