Ерлан Бекхожин “Хабар” агенттігі басқармасының төрағасы болып тағайындалды

“Хабар” агенттігі басқармасының төрағасы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

“Хабар” агенттігі АҚ басқармасының төрағасы болып Ерлан Бекхожин тағайындалды” – деп жазды facebook-тегі парақшасында ELARNA телеарнасының директоры Арман Сейітмамыт.

Алдында Ерлан Бекхожин “Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені” ҰАҚ бас директоры болған.