Ерлан Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметіне Ерлан Қошанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Ерлан Жақанұлы Қошанов ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын”, делінген Жарлықта.

Алдында бұл қызметті Қырымбек Көшербаев атқарған болатын. Ол қызметінен босатылған Марат Тәжиннің орнына барып, ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.