Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды

Ерұлан Жамаубаев ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол Әлихан Смайыловтың орнына келді.

Ақордада жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қос Жарлығында: “Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылсын. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын” делінген.
Ерұлан Жамаубаев Кенжебекұлы 1974 жылы 25 наурызда дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Қаржы және несие” мамандығы бойынша аяқтаған. 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі халықаралық бизнес мектепте “Стратегиялық менеджмент” мамандығы бойынша магистрлік атаққа ие болды.

Еңбек өтілі:

– Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы (1996-1998);

– Аға сарапшы маман, бас сарапшы, бас сарапшы-маман, бөлім бастығы, ҚР Ұлттық Банкі Зерттеу және статистика департаменті директорының орынбасары (1998-2006);

– ҚР Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры (2006-2014 жж.);

– “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарушы директоры (2014-2015 жж.);

– ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (07.2015-11.2015);

– ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі (11.2015-11.2018);

– ҚР Президентінің көмекшісі (11.29.2018 – 22.03.2019);

– ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы (03.22.2019 жылдан бастап)