Филармонияның бұрынғы басшысы 1,8 млрд теңге ұрлағаны үшін сотталып жатыр

Экономикалық тергеулер қызметі өз ізкесушілері бүгінгі таңда қандай қылмыстық істермен айналысып жатқанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Бейсембинге, оның орынбасары Дауленбаеваға, сондай-ақ жалған келісімшарттар жасасу арқылы 450 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдікке ілінген азамат Лисовойға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, – деді ҚР Қаржы министрлігіҚаржылық мониторинг комтитетінің төрағасы Жанат Еламанов.

Сонымен қатар, елордалық сот Мемлекеттік академиялық филармонияның (бұрынғы “Конгресс Холл”) экс-директорына қатысты қылмыстық істі қарайды, басшы қарамағындағылармен бірігіп, қылмыстық топ құрған. Олар 1,8 миллиардтан астам теңгені жымқырған. Ал Павлодар облысында шаруа қожалықтарының “Сыбаға” мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға субсидия түрінде бөлінген 233 миллион теңгені ұрлау фактілері анықталды. Тергеу барысында күдіктілер 96 миллионнан астам теңгенің орнына қайтарды.

Жүргізіліп жатқан жедел алдын алу шаралары тиімділігін ескере отырып, жақын арада мұнай мен мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына, сондай-ақ капиталды заңсыз шетелге шығаруға қатысты фактілер бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды қолға алу жоспарланып отыр, деп толықтырды спикер.