Forbes қаламақысы жоғары жазушылардың ондығын жариялады

Forbes журналы Джеймс Паттерсонды 2018 жылдың ең қымбат жазушысы деп таныды. Қаламақысы жоғары шығармашыл адамдардың тізіміне 11 адам кірді.
Паттерсон бір жыл ішінде 86 млн доллар тапқан. Мұндай ақшаны оған инспектор Алекс Кросс туралы романдар сериясы әкелді.
Екінші орында 54 млн доллармен Джоан Роулинг тұр. Жасөспірім сиқыршылар туралы ертегі әлемінің авторы былтырға қарағанда аз пайда тапты. Оның табысы 41 млн долларға қысқарды. Осылайша Роулинг рейтингтегі бірінші орнынан айрылып қалды.
Forbes тізіміндегі үшінші орынды әйгілі Стивен Кинг иемденді. Оның жылдық табысы 27 млн долларды құрады. 23 мамырда оның «Аутсайдер» романы шықты.
Бұдан әрі тізімде Джон Гришэм (21 млн доллар), Джефф Кинни (18,5 млн доллар), Дэн Браун (18,5 млн доллар), Майкл Вольф (13 млн доллар), Даниэла Стил (12 млн доллар), Нора Роберст (12 млн доллар) жайғасты.
Соңғы оныншы орынды Рик Риордан (10,5 млн доллар) мен Эрика Леонард Джеймс (10,5 млн доллар) өзара бөлісті.
Осы аталған 11 жазушы бір жылда 283 млн доллар пайда тапты және АҚШ-тың өзінде 24,5 млн кітап сатқан.
Дерек көз. Бақ кз